14.06.2018, 11:54 818 Биатлоншылар Хрусталеваның жүлдесіне таласады

Олимпиаданың күміс жүлдегері әрі Қазақстан биатлоншылар одағының вице-президенті Елена Хрусталева Алматыда баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Хрусталеваның айтуынша, балалар мен жасөспірімдер арасындағы республика біріншілігі биылдан бастап жаңарған форматта және өзінің тікелей қадағалауымен өтеді. Сондай-ақ, бұл жарыстардың жеңімпаздары Елена Хрусталеваның Кубогін иеленеді.

Жаңа маусымда балалар арасындағы республикалық жарыстардың жиілігі мен ауқымы үлкейеді. Ұйымдастырушылар жаңа форматқа өткен соң бәсекелестік пен қызығушылық артып, жас спортшылары биатлондағы кәсіби шеберліктерін шыңдай түседі.

- Осы маусымнан бастап біз жарыс форматын өзгертуді қолға алдық. Республикалық чемпионаттардың аумағы мен өткізу кезеңдері көбейтіледі. Бұрын бір қалада екі жарыс өткізе беретін едік. Биылдан бастап байтақ еліміздегі көп спортшылар ара қашықтыққа байланысты келіп үлгермейтіндіктен, турнирді бірнеше облыста өткізуді жөн санап отырмыз. Осыдан соң, біз бұл жарысқа еліміздің басым бөлігінен балалар қатысады деп үміттенеміз, - дейді Хрусталева.

Жаңа маусым 15-18 маусым күндері Риддер қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) басталады. Алғашқы кезеңге ШҚО, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және өзге де облыстардан 250-300 спортшы (2003-2009 ж.т.) қатысады деп күтілуде.

Риддерден бөлек, шілде және қыркүйек айларында Петропавл, Щучинск және Балкашинода (Ақмола облысы) тағы үш жарыс өтеді. Төрт кезең бойы балалар Елена Хрусталеваның кубогына таласатын болады. Сондай-ақ, Олимпиада жүлдегері, жас спортшыларға шеберлік сабақтарын өткізіп, сұрақтарына жауап береді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал