23.02.2018, 19:17 9030 Биатлоншыларымыздың эстафеталық жарыста жолы болмады

Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан ерлер арасындағы 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысында отандастарымыз жүлделі орынға іліге алмады.

Аталған дода Қазақстаннан Максим Браун, Роман Еремин, Василий Подкорытов және Владислав Витенко сынға түсті. Өкінішке қарай жерлестеріміз 4х7,5 шақырымдық эстафета жарысын 17-ші орынмен аяқтады.

Бұл сында бас жүлдені  Швеция (1:15:16.5) елінің құрамасы жеңіп алды.  Ал екінші орынды Норвегия спортшылары (1:16:12.0),  ал үздік үштікке Германия спортшылары 1:17:23.6 жайғасты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал