05.03.2018, 11:06 952 Бирмингем-2018: Қазақстандық төрттік осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеді

Ұлыбританияның Бирмингем қаласында өткен жабық кешендегі әлем чемпионатының үшінші күнінде қыздар арасында 4х400 метрлік эстафетадан сайыс өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясының сайтына сілтеме жасап.

Әйелдерден жалпы саны 9 команда қатысты. Негізі басында 10 команда болатын. Бірақ, Нигерия қыздары шықпады. 9 құрама екі топқа бөлініп жүгірді. Қазақстан қыздарының қарсыластарының арасында АҚШ, Ұлыбритания, Италия болды.

Жерлестеріміз алғашында сәтті бастаған. Светлана Голендова мен Элина Михина жоғары деңгейде жүгіріп өтті. Ал үшінші-төртінші кезеңде Аделина Ахметова мен Любовь Ушакова айтарлықтай қалып қойып, қарсыластарға 8 секундқа ұтылды. Дегенмен бұл төрттік соған қарамастан осы маусымдағы ең үздік нәтижені тіркеді – 3.41.67 минут. 

3 наурыз. Бирмингем. Жабық кешендегі әлем чемпионаты. 4х400 метрлік эстафета (әйелдер). Іріктеу кезеңі.

1-топ:

1.    АҚШ – 3.30,54 мин.

2.     Ұлыбритания – 3.32,57 мин.

3.     Италия – 3.32,62 мин.

… 4 (9 – sum.). Қзахстан – 3.40,54 мин.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал