08.06.2018, 9:41 1088 «Біз географияны кеңейтуді жалғастырамыз» - Эдди Хирн Елеусіновтің танымалдығы жайлы

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) промоутері Эдди Хирн өз клиентінің болашағының жарқын екендігіне болжам жасады.
«Ол супержұлдыз болады. Ол миллиондаған долларға қол жеткізеді және адам сенгісіз талант иесі. Данияр жұлдызға айналады, ол Ұлыбритания нарығына шығады, қазірдің өзінде АҚШ-қа шықты, Қазақстанда кеңінен танымал. Біз географияны кеңейтуді жалғастыра береміз», - деді Хирн.
Елеусінов кәсіби бокстағы өзінің екінші айқасын Лондонда (Ұлыбритания) өткізді. Ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен венгрияық боксшы Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.
Қазақстандықтың үшінші жекпе-жегі 28 шілдеде, Лондонда өтеді. Оның қарсыласының кім екендігі кейінірек жарияланады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал