18.10.2018, 7:34 7039 Боксшылар тағы екі медаль жеңіп алды

Бүгін жасөспірімдер Олимпидасының бокс турнирінің кешкі сессиясында медаль үшін кездесулер өтті. Екі қазақстандық боксшы ел қоржынына екі медаль салды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

91 келі салмақ дәрежесінің финалында Айбек Оралбай өнер көрсетті. Оның қарсыласы алжирлік Мохаммед Амин Хасид болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті Айбек Оралбайға берді. Үшінші орын пуэрторикалық Элвин Каналеске бұйырды.

"Мен бұл боксшымен әлем чемпионатының жартылай финалында кездескен едім. Ол жолы да, бүгінде жеңіске жетті. Екінші раундта қарқынды күшейтіп, одан басым түстім. Бүгін қолдау білдіруге келген қазақстандық басқа спортшыларға, бапкерлерге алғысым шексіз. Олардың қолдауын сезіндім. Намысты қолдан бермей, алтынға қол жеткіздім", деді Олимпиада чемпионы Айбек Оралбай.

Тағы бір спортшымыз Надежда Рябец 69-75 келіде қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол алжирлік Ичрак Чаибті жеңді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал