04.06.2018, 11:11 715 Бокстан ҚР Президентінің кубогын қай арна көрсетеді

2018 жылдың 5-11 маусым аралығында Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «QAZSPORT» арнасына сілтеме жасап. 

Президент Кубогы додасына қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен бөлек 12 елден келген боксшылар өзара мықтыны анықтайды.  

Былғары қолғап шеберлері ерлер арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша шаршы алаңға шықса ал, қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі бойынша (51 кг, 57 кг, 60 кг, 75 кг дейін) өзара мықтыны анықтайтын болады.

Турнирді «QAZSPORT»  арнасы тікелей эфирде көрсететін болады.  

Көрсетілімдер кестесі:

6 маусым 12:45. Бокс. LIVE

7 маусым 12:45. Бокс. LIVE

8  маусым 12:45. ¼ финал. LIVE

9 маусым 12:45. Жартылай финал.

LIVE 10 маусым 12:45. Финал. LIVE



  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал