27.09.2018, 14:47 1039 Boxing News журналы Головкинді «Р4Р королі» атағынан айырды

Бокс туралы жазатын әлемдегі ең ескі басылым саналатын Boxing News британдық журналының (1909 жылдан бері шығады) сайты барлық салмақ дәрежесіндегі әлемдегі үздік боксшылар (pound-for-pound) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Бұдан бұрын бірінші орынды иеленіп келген қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін екінші орынға түсіп қалды. Украиндық боксшы Василий Ломаченко көш бастап тұр. Үштікті АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд тұйықтады. GGG-дің қарсыласы ондыққа ілінбеген.

ТОП-10 басқа орындарын иеленген боксшылар мыналар:

 4. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд);

5. Александр Усик (Украина);

6. Майки Гарсия (АҚШ);

7. Лео Санта Крус (Мексика);

8. Наоя Иноуэ (Жапония);

9. Хорхе Линарес (Венесуэла);

10. Энтони Джошуа (Ұлыбритания).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал