11.06.2018, 15:46 843 BoxRec: Головкин P4P рейтингінде үздік үштіктің қатарына қайта кірді

Фото - RabStol

Атақты BoxRec сайты әлемнің ең үздік боксшыларының (салмақ дәрежесі маңызды емес) жаңартылған рейтингін шығарды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бірінші орынға америкалық Теренс Кроуфорд жайғасты, мексикалық Сауль «Канело» Альварес екінші сатыға сырғыды. Үздік үштікке қазақстандық боксшы Геннадий Головкин оралды.

Үздік 10 боксшының қатарына қосылған спортшылардың тізімі мынандай:

1. Теренс Кроуфорд (АҚШ);

2. Сауль Альварес (Мексика);

3. Геннадий Головкин (Қазақстан);

4. Василий Ломаченко (Украина);

5. Срисакет Сор Рунгвисаи (Таиланд);

6. Луис Нери (Мексика);

7. Энтони Джошуа (Великобритания);

8. Лео Санта Круз (Мексика);

9. Мигель Берчельт (Мексика);

10. Александр Усик (Украина).

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал