14.02.2018, 15:15 360 Бразилияның экс-ойыншысы «Ертіске» келді

Бүгін «Ертістің» қатарына Бразилия құрамасы мен «Хоффенхаймның» бұрынғы ойыншысы Карлос Эдуардо келіп қосылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

30 жастағы бразилиялық ойыншы немістің «Хоффенхайм» командасында өнер көрсетті. Кейін оны «Рубин» Германиядан 20 миллион еуроға сатып алған. Сондай-ақ, Карлос «Гремио», «Фламенго», «Атлетико Минейро» және «Витория» ұжымдарында доп тепті. Осыдан 10 жыл бұрын келешегінен үлкен үміт күттіретін футболшы саналған ол  Бразилия құрамасының сапында 6 ойын өткізіп үлгерген.

Карлос Эдуардоның Павлодар клубына қандай келісіммен келгені әзірге белгісіз. Алайда, мұндай жоғары дәрежелі спортшы команданың қаралымына келмейтіні анық. Жақын арада бразилиялықтың «Ертіс» ойыншысы атанып қалуы ғажап емес.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)