27.07.2018, 12:20 757 Британдық суретші Головкин мен «Канело» айқасына арнап картина салды

Лестердегі суретші (Ұлыбритания) Джей Коннолли Туиттердегі парақшасында Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегіне арналған жұмысын жариялады.

Бұл Конноллидің былғары қолғап шеберлеріне арналған алғашқы туындысы емес. Оның коллекциясында Флойд Мэйвезер, Мұхаммед Әли, Мэнни Пакьяо және басқа да боксшылардың портреттері бар. Сондай-ақ, суретші футбол тақырыбында да картиналар салады. Джейді жұмыстарының бірін танымал ринг-анонсеры Майкл Баффер мақтаған болатын.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile аренада өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал