24.04.2018, 18:42 739 Бублик Будапештте Истоминнен айласын асырды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 143-ші орында) Будапешттегі турнирдің 1/16 финалында Өзбекстаннан келген Денис Истоминнан айласын асырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Бірінші сетте өзбекстандық спортшы жерлесімізден 7:6 (8:6) есебімен басым түсті. Екінші партияда Бублик 7:6 (7:5) есебімен жеңіп шықты. Ал, шешуші сетте Александр брейк жасап, таблодағы есепті 7:5 қылды.

Матч 2 сағат, 44 минутқа созылды. Қос теннисші осымен екінші рет кездесті. Барлық ойында да жерлесіміз жеңіс тұғырынынан көрінді.

Ертең, 25-ші сәуір күні қазақстандық Германия теннисшісі Янон-Леннард Штруфпен (61) ұшырасады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал