14.02.2018, 10:05 168 Бүгін биатлоншы қыздарымыз жарысқа шығады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 14 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды.

Олимпиада ойындарының алтыншы күні қазақстандықтар спорттың 3 түрінен бақтарын сынайды. Атап өтсек, спортшыларымыз тау шаңғысы, биатлон және конькимен жүгіруден сынға түседі.

Енді назарларыңызға 14 ақпандағы спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынамыз:

Тау шаңғысы

Әйелдер. Слалом

10:15, іріктеу

15:45, финал

Қатысушы - Мария Григорова

Конькимен жүгіру спорты

19:00 Әйелдер, 1000 м

Қатысушы - Екатерина Айдова

Биатлон

20:05  Әйелдер,

15 шақырым

Қатысушылар - Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал