28.09.2018, 15:25 8382 Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясының чемпионы анықталады

Бүгін Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) финалдық кездесулердің екінші бөлімі өтеді. «Астана арландары» мен «Куба Домадорес» арасындағы тартыстың жеңімпазы  VIII маусымның чемпионы атанбақ, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Биылғы маусымда финалдық кездесу бейтарап аймаққа жоспарланған. Ақтық сын Қытайдың Цзиньцзянь қаласында өтуде. Финалдағы алғашқы кездесуде кубалықтан 2:3 есебімен жеңісті тартып алды. 

Назарларыңызға екінші жарыс күнінде шаршы алаңға шығатын боксшылар жұбын ұсынамыз. 

52 келі: Сәкен Бибосынов – Хорхе Гриньян;

60 келі: Зәкір Сафиуллин – Лазаро Альварес;

69 келі: Асланбек Шымбергенов – Рониэль Иглесиас;

81 келі: Бек Нұрмағамбет – Хулио Ла Круз; 

91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Хосе Лардует. 

Егер есеп тең түскен жағдайда шешуші жекпе-жек Бекдәулет Ибрагимов пен Хорхе Моиран Винент арасында өтпек. 

Финал Астана уақытымен 17:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал