30.03.2018, 14:42 806 Бүгін ҚР кубогы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді

Бүгін 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кубогы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің келесі кезеңіне қатысатын клубтар 2 себетке бөлінген:
 
1 себет:
- 2017 жылғы Қазақстан Кубогының жеңімпазы – «Қайрат»
- 2017 жылғы Қазақстан Чемпионатының үздік 7 клубы – «Астана», «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл», «Шахтер», «Қайсар», «Атырау»
 
2 себет:
- 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатына қатысатын клубтар – «Ақтөбе», «Ақжайық», «Жетісу», «Қызыл-Жар СК»
- 2018 жылғы Қазақстан Кубогының Іріктеу кезеңінің топтар жеңімпаздары атанған клубтар – «Оқжетпес», «Мақтаарал», «Қыран», «Тараз» 
 
Бірінші лига өкілдері Премьер-лига клубтарымен болған кездесулерде қарсыластарды өз үйлерінде қабылдайды.
 
1/8 кезеңі бір ойыннан тұрады. Егер негізгі уақыт кезінде жеңімпаз анықталмаса, 15 минуттан қосымша 2 тайм қосалады, егер бұл қосымша уақыттардан кейін тең есеп сақталатын болса – ойыннан кейінгі пенальти сериясы өтеді.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал