25.07.2018, 11:10 696 Бүгін отандастарымыз ірі халықаралық турнирлерде бақ сынайды

Бүгін Қазақстан спортшылары ірі халықаралық турнирлерде бақ сынайды. Атап айтар болсақ, дзюдошылар мен таеквондошылар татамиге шығады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при сериясы өтеді. Аталған бәсекеге әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев пен Олимпиаданың қола жүлдегері Галбадрах Отцгонцэцэг бастаған дзюдошылар қатыспақ. Хорватиядағы турнир 30 шілдеге дейін созылмақ. 

Дзюдошылар үшін Гран-при додасында жоғары нәтиже көрсету өте маңызды. Себебі, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына ұпай жинау кезеңі басталып кетті. 

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан таеквондо құрамасы үшін де маңызды турнир өтеді. Қытайдың Уси қаласында өтетін командалық есептегі Әлем кубогы кезеңіне спортшыларды мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов бастап апармақ. 

Қытайдағы Әлем кубогі кезеңі де таеквондошылар үшін рейтингтік турнир саналады. Әлем Кубогі G-8 санатындағы ірі халықаралық турнир болып есептеледі. Мұнда ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында Олимпиада ойындарына қатысушы Нұрсұлтан Мамаев, Азия чемпионы Смайыл Дүйсебайлар бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал