24.08.2018, 11:06 596 Бүгін шаршы алаңға шығатын боксшылар кімдер

Бүгін Джартадағы Азия ойындарында былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі басталады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Шаршы алаңға алғаш болып 52 келідегі Азат Махметов, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов және 57 келідегі Сәния Сұлтанқызы шығады. 

Азат Махметов алғашқы айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілімен кездеседі. 

Асланбек Шымбергеновтің қарсылас - индонезиялық боксшы. 

Ал Сәния Сұлтанқызы шри-ланкалық спортшымен кім мықтыны анықтайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал