12.04.2018, 9:15 794 Бүгін велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада бүгін велоспорттан жастар арасында көпкүндік Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.
Қызылорда қаласында қатарынан бесінші мәрте ұйымдастырылғалы отырған жарысқа еліміздің барлық облыстарынан және Астана мен Алматы қаласынан 150-дей велошабандоз қатысады.
Додада 25 шақырымдық жекелей жарыс, 100 және 70-80 шақырым қашықтықта топтық жарыстардың жүлделері сарапқа салынады.
Бұл жарыстың мақсаты - еліміздің құрама командасын жасақтау үшін мықты спортшыларды айқындау, велоспортты насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.
Жарыстың құрметті қонағы ретінде тұңғыш Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиев шақырылды.
Чемпионат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт істері комитеті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ұлттық Олимпиада комитеті, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының ұйымдастыруымен өтеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал