22.06.2018, 14:53 1311 «Challenge Cup» - Қазақстандық волейболшылар Эстониядан ұтылып қалды

Волейболдан Қазақстанның ерлер командасы Португалияда өтіп «Challenge Cup» турниріндегі алғашқы кездесуінде сүрінді. Біздің құрама Эстониядан ұтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20-24 маусым аралығында өтетін турнирде Қазақстан құрамасы Эстония және Португалия құрамаларымен бір топқа түскен. 

Төрт партия қорытындысы бойынша Қазақстан 1:3 есебімен Эстониядан ұтылып қалды.

«Challenge Cup» - волейболдан Ұлттар лигасына бір жолдама беретін халықаралық турнир. Мұнда жеңімпаз атанған команда волейболдан Ұлттар лигасында ең төменгі орында тұрған құраманыңорнын басады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал