04.07.2018, 12:21 4634 Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылады

2018/2019 жылғы маусымда футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасының жеребесі қай күні тартылатыны белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпиондар Лигасының іріктеу және негізгі кезеңдерінің жеребе тарту рәсімі 5 шілде күні Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Еуропалық турнирдің іріктеу кезеңінің матчтары 2018 жылдың 28 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында өтеді. Негізгі кезеңінің кездесулері 2018 жылдың 2-7 қазан күндеріне жоспарланған. 

Чемпиондар Лигасына қазақстандық «Қайрат» пен «Ақтөбе» қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал