15.10.2018, 11:42 7553 Черногория U-21 - Қазақстан U-21 матчына Финляндия елінің төрешілері тағайындалды

Жастар арасында 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Черногория U-21 мен Қазақстан U-21 құрамалары арасындағы ойында финляндиялық төрешілер қызмет атқарады,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Бас төреші болып Петри Вильянен тағайындалды.  Оның қапталдағы көмекшілері Рику Вихреявуори және Мика Ламппу. Төртінші төреші - Йони Хюютия.

Черногория U21 - Қазақстан U21 матчы 16 қазан күні Никшич қаласындағы «Градски» стадионында өтеді.  Ойын елорда уақытымен 20:00-де басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал