16.07.2018, 12:22 744 Черногорияға аттанған «Астана» ойыншылары анықталды

Бүгін «Астана» командасының бапкерлер құрамы мен ойыншылары Черногорияға УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңі аясындағы «Сутьескаға» қарсы жауапты матчқа аттанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі «Астана» Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш ойынға команда төмендегі құраммен аттанды: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Станислав Павлов, қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Антонио Рукавина, жартылай қорғаушылар: Марин Томасов, Ласло Кляйнхайслер, Юрий Перцух, Бахтиер Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Ричард Алмейда, Иван Маевский, шабуылшылар: Джордже Деспотович, Жуниор Кабананга, Роман Муртазаев, Владислав Прокопенко және Алексей Щеткин. 

Әуежайда «Астана» ойыншылары мен бапкерлер құрамын елорда командасының ресми фан-клубы «12 ойыншы» шығарып салды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал