16.10.2018, 8:48 830 Дамир Тойбай жартылай финалға шықты

Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Спортшы байрақты бәсекеде 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатыр. Ширек финалда ол самоалық Толауа Туигомала кездесуі керек еді. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты кездесуден бас тартып, жеңіс біздің спортшыға берілді. Жартылай финал ертең өтеді. Дамир канадалық Тетлуа Чуолмен қолғап түйістіреді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал