29.04.2018, 10:36 642 Данияр Елеусінов алғашқы кездесуін нокаутпен бастады

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Данияр Елеусіновтің америкалық боксшы Ноа Киддқа қарсы жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы бірінші жеңісін тойлады.
Еске сала кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та кәсіби рингте өтетін өзінің дебюттік кездесуі алдында сұхбат беріп, жоспарларымен бөліскен болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал