07.06.2018, 23:56 887 Данияр Елеусінов BoxRec рейтингінде бірден 335 орынға көтерілді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (2-0, 1 КО) кәсіби рингтегі екінші жеңісінен кейін Boxrec.com сайтының рейтингінде жоғарыға өрледі, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі .

Ол жартылай орта салмақтағы рейтингте 681-ші орыннан 346-шы орынға бірақ көтерілді. Бірінші орында аустралиялық боксшы, WBO  титулын иеленген Джефф Хорн (18-0-1, 12 КО) көш бастап тұр.

Еске салайық, Лондондағы (Ұлыбритания) бокс кешінің аясында Елеусінов төрешілердің бірауызды шешімімен (60-54) венгриялық Золтан Шабоны (24-12, 10 КО) жеңді.

Данияр өзінің үшінші жекпе-жегін Лондонда O2 Arena-да өткізеді. Ол 28 шілдеде өтеді, қарсыласы әзірге белгісіз.

Елеусіновтің дебюті 28 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өткен болатын. Ол америкалық боксшы Ноа Кидданы (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. 



  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал