07.06.2018, 1:48 943 Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Бүгін қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Лондонда венгриялық боксшы Золтан Шабоны жеңіп шықты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен мажар боксшысы Золтан Шабо ұшырасты. Кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізіп жатқан жерлесіміз кезекті жеңіске қол жеткізді. Елеусінов барлық 6 раунд бойы қарсыласын тоқпақтап, ұпай саны бойынша алға шықты.

Естеріңізде болса, Олимпиада чемпионы 30 жастағы Габор Горбичпен (24-11, 14 КО) жұдырықтасады деп келісілген еді. Алайда, венгриялық боксшы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмай, оның орнына басқа Венгрия спортшысы Золтан Шабо бекітілді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін 28-ші сәуір күні америкалық боксшы Ноа Киддқа қарсы Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткізді. Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал