10.06.2018, 11:08 900 Данияр Елеусінов Ұлыбританиядан Қазақстанға оралды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Лондондағы екінші жеңісінен кейін елге оралды, деп жазады «SPORTINFORM» САА.
Instagram парақшасында ол отбасылық суретін жанкүйерлерімен бөлісті.
Еске сала кетейік, 6 маусым күні өткен кездесуде Данияр венгриялық қарсыласы Золтан Шабоны ұпай санымен жеңді. Кездесуден кейін қазақстандық белгілі ММА файтері Қуат «Найман» Хамитов Елеусіновті Флойд Мейвейзерге теңеген болатын.
Ал Эдди Хирн осы жеңістен соң қазақстандық боксшының кезекті кездесуі қашан, қайда болатынын бірден жариялады. Жуық арада жарық жұлдызға айналып, қыруар ақшаға кенелетінін айтты.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал