12.06.2018, 10:14 931 Данияр Елеусіновке қарсылас қандай өлшеммен таңдалады

Менеджер Зия Әлиев Данияр Елеусінов үшін келесі қарсыласты таңдау кезінде қандай қағидаларды ұстанатынын айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА «KZ бокс әлеміне» сілтеме жасап.

Елеусіновтің командасы 28 шілдеге үшінші қарсыласты іздеп жатыр. Жекпе-жек Лондонда танымал О2-аренада өтеді. Оны Даниярдың промоутері Эдди Хирн венгриялық Золтон Шебоны жеңгеннен кейін мәлім еткен болатын. Зия Әлиев Лондонда өтетін бокс кешіне қарсыласты таңдаудағы басымдықтарды атады.

«Даниярдың кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегіне қарсыластар іздеп жатырмыз. Ықтимал үміткерлердің стиліне, жекпе-жектегі агрессиялығына, олардың рекордына - қанша айқаста жеңіп, қанша жекпе-жекте жеңілгеніне мән береміз. Жарты әлем жеңіп тастаған боксшылар да қажет емес. Түрлі стильдегі боксшыларды іздеуге тырысып жатырмыз. Дебютант болған алғашқы қарсылас шабуылдағанды, Даниярдың алдында тұрғанды жақсы көретін. Екіншісі, өздеріңіз куә болғандай, аяғымен жиі қозғалып, кенет тап бергенді ұнатты. Әртүрлі қарсыластарды іздеп жатырмыз», - деп түйіндеді Әлиев.

Еске салайық, Данияр Елеусінов Шебоны жеңгеннен кейін Қазақстанға қайтып келді. Оның промоутері Эдди Хирн Қазақстанның Олимпиада чемпионы миллион доллар табатынын мәлім етті. Ол үшін «Головкиннің қателігін қайталамауы керек», деп есептейді бас бапкер Әлімханұлы.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал