10.07.2018, 9:05 625 Данияр Елеусіновтің кәсіби рингтегі үшінші айқасы өтеді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның профи-рингтегі үшінші айқасы туралы жариялады.

«Данияр Елеусінов 4 тамыз күні Кардиффте Габор Горбичпен жұдырықтасады!», - деп жазды Твиттерде Matchroom Boxing.

Еске салайық, 30 жастағы венгр боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) Елеусіновпен Лондонда 6 шілде күні кездесуі тиіс болатын. Алайда, Горбичтің қабағының жарылуына байланысты жекпе-жек өтпеді. Бірақ ол жарақатынан айыққаннан кейін қазақстандық қарсыласымен кездесуге уәде еткен еді.

6 шілде күні Лондондағы York Hall кешенінде Данияр Венгрияның өзге боксшысы Золтан Шабомен (24-12, 10 КО) кездескен еді. Айқас төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыздың сенімді жеңісімен аяқталды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал