06.06.2018, 11:11 1224 Елеусіновтің менеджері серіктесінің титул жеңіп алуына қанша уақыт қажеттігін айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (1-0, 1 КО) менеджері өзінің серіктесінің белдікті жеңіп алу үшін қанша уақыт қажет екендігін айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Даниярдың әлеуеті мықты. Ол жартылай орта салмақтағы ең қауіпті әрі абсолютті чемпиондардың бірі болады. Біздің жоспарымыз бойынша, Елеусінов екінші немесе үшінші жылы белдіктердің бірін жеңіп алады. Мен оған сенімдімін»,- деді Зия Алиев UCNLive.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 6 маусым күні Лондонда Елеусінов өзінің кәсіби рингтегі екінші кездесуін өтізеді. Оның қарсыласы венгриялық Золтан Шабо (24-11, 10 КО) екенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал