06.08.2018, 1:17 528 Данияр Елеусіновтің рейтингі 75 сатыға жоғарылады

Мажарлық боксшы Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңген кейін Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) танымал BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап кетті.
Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте ол 75 орынға көтеріліп 256-орынға тұрақтады. BoxRec рейтингінде оның санаты бойынша WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) көш бастап тұр.
Еске сала кетсек, кеше (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов Горбичті ұпай санымен жеңді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал