19.08.2018, 21:22 607 Данияр Қайсанов финалда өзбек балуанынан ұтылып қалды

Бүгін Джакартада еркін күрестен бес салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

74 келі салмақта финалда белдескен Данияр Қайсанов өзбек балуаны Бекзат Абдурахмоновтан 2:3 есебімен ұтылып қалды. Осылайша, Қазақстан қоржынына Азия ойындарындағы алғашқы күміс жүлдені салды.

65 келі салмақта күрескен Саятбек Оқасов қола медаль үшін тартыста түркместандық Батыр Боржаковты 5:2 есебімен жеңіп, үздік үштікке енді.

86 келіде сынға түскен Әділет Дәулембаев қола медаль үшін күресте қырғыз балуанынан басым түсті.

Осылайша, балуандар алғашқы жарыс күнінде 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал