17.09.2018, 12:01 1617 Данияр Юлдашев Берлиндегі премьер-лигада күміс медаль иеленді

Германия астанасы Берлинде каратеден "Premier League Berlin 2018" халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған турнир Токио Олимпиадасы қарсаңындағы лицензиялық сын саналады. Сол себепті, мұнда жүлдегер атану оңай емес.

84 келі салмақта Азия ойындарының қола жүлдегері атанған Данияр Юлдашев Берлин төрінде өз мықтылығын тағы да дəлелдеді. Юлдашев кіл мықтылармен айқасып, финалда əлем чемпионы, рейтингте бірінші орында тұрған жапониялық Рютаро Арагодан ұтылды.

Финалға барар жолда Данияр 5 айналымнан өтті. Ол əлем чемпионы, рейтингте алтыншы сатыда тұрған ирандық Забиулла Пуршабты, рейтингте үздік үштікке енетін түркиялық Угур Ақтасты жеңді.

Сондай-ақ, 60 келідегі Алпысбай Қайсар мен Дархан Асаділов 5-6 орынды бөлісті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал