25.08.2018, 16:05 810 Дархан Нортаев Қазақстанға кезекті алтынды сыйлады

Джиу-джиутсудан 62 келіде сынға түскен Дархан Нортаев Азия ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Дархан 1/8 финалда қырғызстандық Әбілдабек Кекеновты 2:0 есебімен жеңсе, келесі айналымда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысынан 4:0 есебімен басым түсті. 

Ақтық сында Біріккен Араб Әмірліктерінің тағы бір спортшысын жеңген Дархан Азиада чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына төртінші алтын жүлдені салды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал