28.03.2018, 11:12 1131 Дәстүрлі каратэнің атасы Алматыға келді

Алматыда каратэ спортында аты аңызына айналған Мейтацу Яги жүр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Окинавалық дәстүрлі каратэнің атасы Алматы облысындағы бірнеше спорттық мектепте шеберлік сабақтарын өткізіп, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігін тамашалады.

72 жастағы Мейтацу Яги Халықаралық Мейбукан Годзю-рю Карате-до қауымдастығының құрметті президенті. Каратэнің негізін қалаған Канрионың шәкірті. Наурыз мерекесі кезінде Алматыға арнайы келген мәртебелі мейман қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүріне тәнті болып, еліміздегі годзю-рю каратэ шеберлерінің өнерін тамашалады.

Мейтацу Яги, Халықаралық Мейбукан Годзю-рю Карате-до қауымдастығының құрметті президенті:

  • Мен Қазақстандағы годзю-рю карате-до қауымдастығы басшыларының шақыртуымен келіп отырмын. Қазіргі таңда каратенің бұл түрі әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Нұрлан Керімбаев басшылық ететін қауымдастықта қыруар шаруа атқарғанын көрдім. Бүгінгі жарыста Годзю-рюдің қыр-сырын жетік меңгерген жастар өз өнерлерін паш етті. Годзю-рю каратэңіз тарихы тереңде жатқан шығыс жекпе-жегінің бір түрі. Яғни көбінесе қорғану тәсілін үйрететін қоян-қолтық ұрыс.

Мейтацу Ягидің келуіне орай Алматыда годзю-рю каратэден ел біріншілігінің жалауы желбіреді. Екі күнге созылған жарыста үміткерлер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Еламан Мықтыбек пен Әлішер Жарылқасын, Ерасыл Арғынбаев пен Сүлеймен Әбдіманап, Адель Әкімбек пен Жанболат Жанманқараевтар өз салмақтары бойынша ел чемпиондары атанды.

Алматыда каратэ спортында аты аңызына айналған Мейтацу Яги жүр. Окинавалық дәстүрлі каратэнің атасы Алматы облысындағы бірнеше спорттық мектепте шеберлік сабақтарын өткізіп, жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігін тамашалады. 72 жастағы Мейтацу Яги Халықаралық Мейбукан Годзю-рю Карате-до қауымдастығының құрметті президенті. Каратэнің негізін қалаған Канрионың шәкірті. Наурыз мерекесі кезінде Алматыға арнайы келген мәртебелі мейман қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүріне тәнті болып, еліміздегі годзю-рю каратэ шеберлерінің өнерін тамашалады. Мейтацу Яги, Халықаралық Мейбукан Годзю-рю Карате-до қауымдастығының құрметті президенті: - Мен Қазақстандағы годзю-рю карате-до қауымдастығы басшыларының шақыртуымен келіп отырмын. Қазіргі таңда каратенің бұл түрі әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді. Нұрлан Керімбаев басшылық ететін қауымдастықта қыруар шаруа атқарғанын көрдім. Бүгінгі жарыста Годзю-рюдің қыр-сырын жетік меңгерген жастар өз өнерлерін паш етті. Годзю-рю каратэңіз тарихы тереңде жатқан шығыс жекпе-жегінің бір түрі. Яғни көбінесе қорғану тәсілін үйрететін қоян-қолтық ұрыс. Нұраддин Садық, Годзю-рю Карате-до Федерациясының атқарушы директоры: - Каратэ жалаңаш қолмен самурайлардың қылышына қарсы шыққан болатын болса, сол үшін ойлап табылған бұл сол қалпын сақтап қалған жекпе-жектің түрі. Қазақстанда да алдағы 5-10 жылда годзю-рю каратемен айланысатын халықтың саны кемінде 20 мыңға жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Мейтацу Ягидің келуіне орай Алматыда годзю-рю каратэден ел біріншілігінің жалауы желбіреді. Екі күнге созылған жарыста үміткерлер бірнеше салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Еламан Мықтыбек пен Әлішер Жарылқасын, Ерасыл Арғынбаев пен Сүлеймен Әбдіманап, Адель Әкімбек пен Жанболат Жанманқараевтар өз салмақтары бойынша ел чемпиондары атанды.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/229782-titlechange-favorites-almatyda-lemge-jgili-sportshy-karateden-sheberlik-saba-taryn-tkizdi
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал