01.10.2018, 7:36 9679 Давиде Виллелла «Алматы туры-2018» бәйгесінің жалпы есебінде топ жарды

«Астана» велокомандасының италиялық өкілі Давиде Виллелла «Алматы туры-2018»  бәйгесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін «Алматы турының» екінші кезеңінде шабандоздар 160 шақырымды артқа тастап, жарыс таулы аймақта өтті. Әсіресе, мәреге жақындаған тұста спортшыларды «Медеу» маңындағы қиын айналым күткен еді. 

Жарыс  барысында германиялық Bike Aid командасының өкілі Дэниел Бильман мен польшалық Team Hurom шабандозы Камиль Зеленски топтан қара үзіп кетті. Алайда, мәреге жеті шақырым қалғанда негізгі топ оларды қуып жетіп, үздіктер арасындағы тартыс одан әрі қыза түсті. 

Соңғы 500 метрде «астаналық» Луис Леон Санчес командаластарының көмегінен барлық қарсыласынан озып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал