26.04.2018, 11:39 1218 Денис Тен Атырауда тәжірибесімен бөліседі

Сочида өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Атыраудағы жанкүйерлерімен кездеседі, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет мәлімдеді. Облыстық басқарма басшысының айтуынша, Олимпида чемпионының Атырауға келуі үлкен мәртебе.

-          Соңғы уақытта біздің өңірде спортпен шұғылдануға, жауынгерлік өнерге көп көңіл бөлінуде. Қысқы спорт түрлеріне де назар аударатын кез келді, атап айтқанда Атырау облысында қарқынды дамып жатқан мәнерлеп сырғанау спортына,- дейді Азамат Бекет.

Бүгінгі таңда Атырау облысында мәнерлеп сырғанаумен 3 жастан 14 жасқа дейінгі балалар айналысуда – барлығы 58 адам, көп бөлігі қыз балалар. Атыраулық мәнерлеп сырғанаушылар республикалық турнирлермен қатар, халықаралық турнирлердің жеңімпаздары. Денис Теннің Атырауға келуі жас спортшылардың жаңа жеңістерге ұмтылуына серпін болады және Атырау облысында осы қысқы спорт түрінің дамуына септігін тигізеді.

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының чемпионы Денис Тен 27 сәуір күні 19.00-де Мұз айдыны кешенінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына шеберлік сағатын өткізеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал