25.08.2018, 9:00 9034 Денис Тен туралы кітапты 1 миллион адам жүктеп алды

«Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, бір айдың ішінде электронды кітапты 1 миллион адам жүктеп алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кітапты жүктеп алушылардың ішінде Қазақстан (30 пайыз), Ресей (15 пайыз), Қырғызстан ( 8 пайыз), Оңтүстік Корея (13 пайыз), Өзбекстан (6 пайыз), Франция (8 пайыз), Америка (10 пайыз), Түркия ( 3 пайыз), Италия ( 4 пайыз), Канада (3 пайыз) және тағы басқа елдердің азаматтары бар.
Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қаза табуына байланысты «Біздің Денис» деп аталатын кітап шығарған еді. Кітапта спортшының өмірбаяны, жарқын сұхбаттары, сондай-ақ ел, отбасы және өмір туралы айтылған пікірлері келтірілген. Онда Денистің сирек кездесетін және жарыстар мен әртүрлі іс-шаралардан естелік фотосуреттері, сондай-ақ әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың естеліктері бар.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Біздің Денис» кітабының электрондық нұсқасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтында жарияланған болатын.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал