23.07.2018, 16:04 9289 «Денис Тен – ұлы чемпион» - Оңтүстіккореялық блогер

Оңтүстік Корея халқы Сеулдегі Қазақстан елшілігіне үшінші күн қатарынан ағылып жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Олар арнайы кітапшаға көңіл айту сөздерін жазып Денис Теннің суретінің қасына гүл шоқтарын қоюда. Қазақстандық спортшыны жергілікті жұрт жақсы таниды. Корея Республикасы біртуар спортшыны тек талантты мәнерлеп сырғанаушы ғана емес, әйгілі генерал Мин Гын Хоның ұрпағы ретінде біледі. Денис көзі тірі кезінде Оңтүстік Корея халқының сүйіспеншілігіне бөленіп үлгерді. Бұл, әсіресе, Пхёнчханда өткен олимпиада кезінде кореялық жанкүйерлер тарапынан жақсы байқалды. Сонымен қатар спортшы мәнерлеп сырғанаудан Сеулде ұйымдастырылған «Уолл Зэт Скэйт 2026» шоуында тамаша өнер көрсетті. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары суыт хабарды жеткізе сала тұрғындар қазақ халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айта бастады.

Мин Кен Ха, блогер:

 - Ол Қазақстаннан Кореяға келгенде қатты қуанған едім. Денис Тен – ұлы чемпион. Оның атасы – біздің елдегі беделді қайраткерлердің бірі. Жатқан жері жайлы болсын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал