19.07.2018, 16:26 1290 Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті

Алматыда Денис Тен жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлім растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - деді аурухана мамандары.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен.

Айта кетсек, 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал