20.07.2018, 2:42 8614 Денис Тенді жерлеу рәсімін министрлік пен әкімдік ұйымдастырады

Халықтың сүйіктісі және ұлы спортшы Денис Тенді жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Алматы қаласының әкімдігі өз мойнына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.

«Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы әкімдігі басшылығымен бірге Денистің ата-анасына барып, көңіл айтады. Жерлеу рәсімін министрлік пен қала әкімдігі ұйымдастырады», - деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Марқұмды жерлеу уақыты мен орны ертең, 20 шілдеде белгілі болады. Шамалап айтқанда, жерлеу рәсімі 21 шілде, сенбі күні өткізілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні ең дарынды және құрметті спортшыларымыздың бірі, халықтың сүйіктісі және Отанының нағыз патриоты Денис Тен санынан пышақ жарақатын алған болатын. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін барын салды. Алайда Денисті құтқарып қала алмады.

Денис Теннің мезгілсіз өлімі бүкіл Қазақстанды есеңгіретіп тастады. Мемлекет басшысы спортшының отбасына қайғырып, көңіл айтты.

Алматы полициясы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтірген адамдар туралы ақпарат бергендерге сыйақы тағайындады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал