07.04.2018, 1:24 734 Дэвис кубогы: Кукушкин Чоричті жеңсе, Попко Чиличтен ұтылды

 

Дэвис кубогының ширекфиналдық Хорватия - Қазақстан матчында есеп теңесті.

Бірінші ойында қазақстандық теннисші Дмитрий Попко үш сетке жалғасқан кездесуде әлемнің үшінші ракеткасы Марин Чиличтен жеңіліп қалды – 2:6, 1:6, 2:6. Артынша, Михаил Кукушкин тартысты өрбіген матчта Борна Чоричтен айласын асырды (3:6, 7:6, 6:4, 6:2).

Ертең жұптық кездесу өтеді. Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин хорватиялық дуэт Иван Додиг/Никола Мектичпен күш сынасады.

Фото: daviscup.com

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал