08.04.2018, 9:19 702 Дэвис Кубогында Хорватия құрамасы Қазақстаннан алда келе жатыр

Теннистен Хорватия құрамасы Дэвис Кубогының 1/4 финалындағы Қазақстанға қарсы ойында есепте алға шықты - 2:1, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұптық сайыста Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин хорватиялық Иван Додиг пен Никола Мектич дуэтінен айласын асыра алмады – 7:6, 4:6, 4:6, 2:6.

Ертең кортқа Михаил Кукушкин пен Марин Чилич шығады. Артынша, Дмитрий Попко мен Борна Чорич күш сынасады.

Фото: daviscup.com

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал