28.03.2018, 7:53 759 Дэвис кубогында Хорватияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы белгілі

Бүгін Дэвис кубогы аясында өтетін Хорватия - Қазақстан матчының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрамның капитаны Диас Досқараев Хорватияға қарсы ойынға мына теннисшілерді шақырды: Михаил Кукушкин (АТР рейтингісіндегі орны – 83), Александр Недовесов (АТР рейтингісі –230), Дмитрий Попко (АТР рейтингісі –232), Тимур Хабибулин (АТР рейтингісі – 783), Денис Евсеев (АТР рейтингісі –557) және Роман Хасанов (АТР рейтингісі – 705).

Хорватияның құрамасы мынадай: Марин Чилич (АТР рейтингісі – 3), Борна Чорич (АТР рейтингісі – 36), Виктор Галович (АТР рейтингісі –187), Иван Додиг (АТР рейтингісі – 396) және Никола Мектич (АТР жұптық сайыстағы рейтингісі – 32).

Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 6-ы мен 8-і аралығында Хорватияның Вараждин қаласында Дэвис кубогының ширекфиналдық Хорватия - Қазақстан кездесуі өтеді.

Қазақстан - Хорватия матчының ойын кестесі:

6 сәуір

Басталу уақыты 13:45

7 сәуір

басталуы 14:45

8 сәуір

басталуы 14:00

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал