16.10.2018, 9:03 839 Диас Бахриддин ширек финалда жеңілді

Қазақстандық спортшы Диас Бахриддин каноэмен слалом жарысында жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына  шыға алмады,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ширек финалда біздің спортшы маврикиялық Бенжамин Сарамандифпен жарысты. Диас берілген қашықтықта 1:24.280 уақыт көрсетсе, қарсыласының уақыты 1:18.490. Осылайша Диас Бахриддин Олимпиада ойындарын аяқтады. Естеріңізге салайық, осы Олимпиадада Диас каноэмен жекелей сындағы спринт жарысында алтын медаль жеңіп алған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал