12.04.2018, 19:19 804 Димаш Ниязовтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстан тумасы, Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязов (13-0-3, 6КО) 28 мамыр күні рингке шығады.
BoxRec порталының мәлметтеріне сүйенсек, қазақ боксшысы 28 мамыр күні Нью-Йорк қаласы Барклайс спорт кешенінде жекпе-жек өткізеді, алайда әзірге қарсыласы белгісіз.
Айта кетейік, бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) және полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) қолғап түйістіреді.
Еске сала кетсек, Димаш Ниязов өткен жылы 11 қараша күні Юниондейл қаласында америкалық Агустин Маурасты (6-3-3, 3 КО) бесінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, 13-ші жеңісіне қол жеткізген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал