21.09.2018, 0:52 1809 «Динамомен» өткен ойында «Астана» 95-ші минутта таразы басын теңестіріп кетті

«Астана» Киевте жергілікті «Динамомен» тең ойнады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Алаң иелері Цыганковтың дәл соққысының арқасында есепті ерте ашты. Алайда, 10 минуттан кейін Аничич Кабананганың пасын сәтті пайдаланып, таблодағы көрсеткішті 1-1 қылды.  

Артынан киевтіктер дегендеріне жетіп, тағы да алға шықты. Бұл жолы «Динамоға» Гармаш көмектесті.

Ары қарай «Астана» да табандылық танытып, 95-ші минутта есепті теңестірді. Гол авторы – Мұртазаев.

Айта кетейік, енді «Астана» өз алаңында Францияның «Ренн» командасын қабылдайды.

 «Динамо» Киев – «Астана» 2:2 (2:1)

Голдар: Цыганков 11 (1:0), Аничич 21 (1:1), Гармаш 45+2 (2:1), Мұртазаев 90+5 (2:2)  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал