19.02.2018, 8:53 814 Дияс Дубайдағы турнирдің іріктеу кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 54-орында) Дубайдағы (БАӘ) Premier сериялы турнирінің іріктеу финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Турнирдегі екінші ойында жерлесіміз ресейлік Вероника Кудерметованы  (237) 6:0, 7:5 есебімен жеңді.

Бұл қарсыластар арасындағы ең алғашқы матч еді.

19 ақпанда Зарина іріктеу финалында украиналық Леся Цуренкомен (40) күш сынасады.

Қазақстандық теннисшінің қарсыластармен ойынының есебі 2:0.

Матч Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал