29.04.2018, 15:31 737 Дияс пен Путинцева Рабат турниріне қатысады

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева Рабат (Марокко) турниріне қатысады.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы, 1993 жылғы З.Дияс бірінші айналымда италиялық тәжірибелі теннисші, дүниежүзілік рейтингте 93-орында тұрған, тура бүгін 31 жасқа толған Сара Эрранимен шеберлік байқасады. Зарина жүлде қоры 226750 АҚШ доллары болатын осы турнирде алтыншы ракетка болып тіркелген.
Тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 83-інші ракеткасы Юлия Путинцева рейтингте 132-сатыда тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен кездеседі. Юлия 1995 жылғы болса, Сара одан бір жасқа кіші.
Қазіргі кезде іріктеу сайыстары өтіп жатқан Рабат турнирі 6 мамыр күні мәреге жетіп, жеңімпаз анықталады.
Еске сала кетейік, осының алдында қазақстандық қос теннисші қатысқан жарыстар бүгін бітеді. Штутгарт турнирінде З.Дияс іріктеу сайыстарынан өтіп, содан кейін негізгі жарыстың екінші айналымында әлемнің бесінші ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкоға есе жіберген болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал