23.08.2018, 13:35 488 Дмитриенко стенд атудан қола медаль жеңіп алды

 

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы кезекті қола медальға қол жеткізді. Мария Дмитриенко стенд атудан үздіктер қатарында, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

"Дубль-трап" бағдарламасы бойынша сынға түскен Дмитриенко жалпы есебі 125 ұпай жинады.

Алтын және күміс медаль тиісінше 136, 134 ұпай жинаған Қытай қыздарынының еншісінде кетті.

Еске сала кетейік, Мария "трап" бағдарламасы бойынша іріктеу айналымында Азия ойындарының рекордын жаңартқан. Алайда, финалда жүлдесіз қалды.

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал