19.08.2018, 19:36 769 Дмитрий Алексанин Азия ойындарындағы алғашқы алтынды сыйлады

Шпагашы Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Джакартада басталған Азия ойындарында Қазақстан құрамасының ең алғашқы медалін шпагашы Дмитрий Алексанин сыйлады. 

Ол финалдық бәсекеде Рио Олимпиадасының чемпионы Сан Ен Пакты жеңді. Дмитрий үш кезең бойы есепте алды тұрды. Десе де, соңғы кезеңде Олимпиада чемпионы біздің спортшыны қуып жеткен болатын. Соңғы секундтарда сәтті шабуыл жасаған Алексанин Азиаданың чемпионы атанды. Қорытынды есеп - 15:12.

Еске сала кетейік, жартылай финалда Алексанин Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Джунг Джинсуннан басым түскен болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал